USD
USD
USD

Бірнеше жыл бойы Жамбыл облысының тұрғындары мен кәсіпкерлерін қорқытып келген ҰҚТ ұсталды

2023 жылдың сәуір айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен облыстық ПД-нің қызметкерлері жедел іс-шаралар кешені нәтижесінде Жамбыл облысында тұрақты қылмыстық топты әшкереледі.

Ұстау
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Бұрын сотты болған 7 адамнан тұратын бұл қылмыстық топ 2 жыл бойы қайырымдылық қордың атын жамылып, кәсіпкерлерді қорқыту және оларға күш қолдану арқылы бопсалау, қарызды мәжбүрлеп өндіріп алу және қорғаншылық көрсетумен айналысқан.

Ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастырушының жоспарын жүзеге асыру мақсатында бірқатар қылмыстардың мән-жайы анықталды, оған қатысушылар (мүшелер) арасындағы тығыз қарым-қатынас және олардың іс-әрекетін үйлестіру белгіленді.

Мысалы, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері көшбасшының нұсқауы бойынша, өзіне және топтың қатысушыларына материалдық пайда табу мақсатында, қарыз мәселесін шешу үшін Меркі ауданында күш қолдану арқылы екі жәбірленушіден 1 млн теңге сомасындағы ақша қаражаттарын және жеке басына тұтыну үшін 10 келі есірткі заттарын талап еткен.

Жәбірленушілердің бірі өмірі мен денсаулығы үшін қорқып, «Kaspi» қосымшасы арқылы 500 000 теңге көлемінде қаражат аударған. Бұл қаражат ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары арасында бөлінген.

Осы тектес қылмыстық схема 4 кәсіпкерге де қатысты орын алған.

21.01.2025 жылы сот талқылауының қорытындысы бойынша Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы мен мүшелеріне қатысты айыптау үкімін шығарды.

Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі 11 жылға, басқа қатысушылар 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сотталғандардың кінәсі жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері мен қылмыстық істің басқа да материалдарымен толық дәлелденді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай