Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Біріккен күрес әлемі (UWW) президенті елордадағы спорт нысандарын аралады

Қазақстанға ресми сапармен келген Біріккен күрес әлемі халықаралық федерациясының президенті Ненад Лалович елордадағы спорт нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.

Ненад Лалович
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Ненад мырза алдымен 2020 жылдың соңына қарай пайдалануға берілген Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенін аралап көрді. Спорт кешені Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының (IAAF) сертификатына ие. Бұл сертификат мұнда ең жоғары деңгейдегі кез келген жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді. Кешенде жүгіру жолдары бар атлетикалық алаң, бассейн, қонақ үй, балалар алаңы, фуд-корт, тренажер залы, ядро лақтыру алаңы, биіктікке және ұзындыққа секіруге арналған жаттығу алаңдары орналасқан.

Сондай-ақ Біріккен күрес әлемі халықаралық федерациясының президенті Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайына барды. Жекпе-жек сарайы – күрес түрлерінен (грек-рим, еркін, әйелдер күресі, дзюдо, каратэ, таэквондо, аралас жекпе-жек) халықаралық жарыстарды өткізу мүмкіндігі бар бірегей спорт кешені.

«Астанаға кезекті рет келгеніме қуаныштымын! Елордаларыңыз бұрынғыдан да көркейіп, сән-салтанаты жарасқан, көз тартарлықтай әсем ғимараттармен толыға түскен. Бүгін Астананың ажарын ашып, спортты қалаға айналдырған бірнеше спорт кешенін аралап, тамаша инфрақұрылыммен таныстым. Халықаралық деңгейдегі спорт нысандары өте жоғары деңгейде, спортшылар мен жанкүйерлерге ыңғайлы етіп салынған. Бұл нысандардың кез келгені халықаралық деңгейдегі жарыстарды қабылдауға қабілетті», – деп атап өтті Ненад Лалович.

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz