USD
USD
USD

Біріккен Араб Әмірліктері Жамбыл облысында екі жел электр станциясын салады

Мәжіліс депутаттары 2023 жылғы 2 желтоқсанда Дубай қаласында жасалған Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметі арасындағы жел электр станциясының жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялады.

жел электр станциясы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Келісімнің мақсаты – Қазақстан аумағында жаңартылатын энергия көздері мен орнықты даму саласындағы жобаларды ілгерілету, әзірлеу және іске асыру. Сол арқылы жаһандық жылынуға қарсы күресте елдер арасындағы ынтымақтастық жүзеге асырылады.

Құжатқа сәйкес, Жамбыл облысында екі ірі жел электр станциясының құрылысы жүзеге асырылады. Олардың әрқайсысына 25 жылға тұрақты тариф белгіленеді.

Бірінші жобаға энергетикалық қуаты 500 МВт болатын жел паркі, қуаты 150 МВт және сыйымдылығы 300 МВт·сағ болатын аккумулятор батареялары (BESS) пайдаланылатын энергия сақтау жүйесі, сондай-ақ ұзындығы 125 км дейін және кернеуі 220 кВ болатын электр берудің әуе желілері кіреді.

Екінші ірі жобаға энергетикалық қуаты 500 МВт болатын жел паркі, қуаты 150 МВт және сыйымдылығы 300 МВт·сағ болатын аккумулятор батареялары (BESS) пайдаланылатын энергия сақтау жүйесі кіреді. 2 сағатқа белгіленген қуаттың 30 пайызы осы BESS-ке тиесілі болады.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясына жасалған шабуыл кезінде 12 адам қаза тапты: Қазақстан СІМ мәлімдеме жасады

СІМ ғимараты

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған адам ұсталды

.

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

такси

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық