USD
USD
USD

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК-сы еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды 24.kz.

райы
Фото: depositphotos.com

Алматы, NEGE. Астанада 25 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кей уақыттарда 23 м/с-ке дейін жетеді.

25 қазанда Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

25 қазанда Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағандыда 25 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады түнде екпіні 15-20 м/с. 25 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қостанайда 25 қазанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. 25 қазанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман түседі. 25 қазанда Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с.

25 қазанда Шығыс Қазақстан облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жылдамдығы 15-20 м/с. 25 қазанда Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Атырауда 25 қазанда түнде және таңертең тұман түседі. 25 қазанда түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Семейде 25 қазанда жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. 25 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Петропавлда 25 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. 25 қазанда түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. 25 қазанда таңертең және күндіз Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Павлодарда 25 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с. 25 қазанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

25 қазанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы түнде 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Көкшетауда 25 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с. 24-25 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. 24-25 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Таразда 24-25 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.

Қазір оқып жатыр

Атырау полициясының бастығы қамауға алынды

Бақтыбек Бақтығалиұлы Исаев

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

 AZAL апаты

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Бала

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Burj Al Arab