USD
USD
USD

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» 29 қарашада 13 өңірде тұман, көктайғақ, жел болатынын ескертті.

ауа райы болжамы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Астанада тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман болады. Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың таулы аудандарында найзағай. Түнде облыстың солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүтігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Шымкентте оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман болжанады.

Қарағанды облысының батысында тұман.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман. Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.

 Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті

Актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға сотталды

Нұрсұлтан Жақсыген

ДСҰ-ға мүше болған 11 жыл ішінде Қазақстанның тауар айналымы екі есе өсті

ДСҰ және Қазақстан туы

Депутаттар Құрылтай жанынан 50 адамнан тұратын Қоғамдық палата құруға келісім берді

Құрылтай ғимараты