USD
USD
USD

Британияға «Арвен» дауылы келе жатыр

Ұлыбританияның бірнеше аудандары жақындап келе жатқан «Арвен» дауылы салдарынан қауіптің қызыл (ең жоғары) деңгейін жариялады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы сағатына 160 шақырымға жетуі ықтимал, деп хабарлайды BBC. 

Британияға «Арвен» дауылы келе жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Табиғи апат осы демалыс күндері негізінен Англия мен Шотландияның солтүстік-шығысында болады деп күтілуде. Билік бұл аудандардың тұрғындарынан алдағы күндерге жоспарланған сапарларын кейінге қалдыруды, сондай-ақ қарттар мен көршілерге ерекше көңіл бөлуді сұрайды. Жағалаудағы қалаларда арнайы қауіпсіздік шараларын қолдану ұсынылды.

Метеорологиялық қызмет өкілінің айтуынша, ондағы толқындар 9-10 метрге дейін жетуі мүмкін, сондықтан теңіз жағасында серуендеуді кейінге қалдыру керек. Орталық Англияда қызғылт сары (орташа) қауіптілік рейтингі бар.

Англия, Уэльс және Солтүстік Ирландияның оңтүстік-батысында – сары (ең төменгі).

Дегенмен, синоптиктер Біріккен Корольдікте көлік қозғалысының тоқтауы, электр қуатының үзілуі, телефон және ұялы байланыстың істен шығуы мүмкін екендігін ескертеді.

Алдағы демалыс күндері елдің көптеген жерлерінде Рождестволық фестивальдер мен базарлар тоқтатылды. Ауа температурасы да жылдың осы уақытында әдеттегіден суық, яғни түнде нөлден төмен, күндіз Цельсий бойынша небәрі 10 градусқа таяу болмақ Бұл биыл Арвен атауына ие болған дауыл – Ұлыбританиядағы алғашқысы. Әдетте атаулар белгілі бір жойқын күштің циклондарына беріледі.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі