USD
USD
USD

Британия бірінші болып AstraZeneca вакцинасын мақұлдады

Біріккен Корольдік Pfizer мен BioNTech компанияларының екпесін 2 желтоқсанда мақұлдаған еді. Британия бірінші болып AstraZeneca компаниясының Оксфорд университетімен бірлесе жасаған вакцинасын пайдалануға рұқсатын берді. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады.

Британия бірінші болып AstraZeneca вакцинасын мақұлдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Медициналық өнімдер мен дәрі-дәрмектерді бақылау басқармасы (MHRA) препаратты тексергеннен кейін ғана, үкімет осындай шешім қабылдады. Денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкоктың айтуынша, енді оны егу процесі 4 қаңтарда басталуы мүмкін. Вакцинаны егу екі кезеңнен тұрады, нақтырақ айтқанда, алғаш егілгеннен кейін 3 ай өткен соң препаратты тағы бір мәрте қабылдау керек. Еске сала кетсек, 2 желтоқсанда Біріккен Корольдік Pfizer мен BioNTech компанияларының екпесін мақұлдаған еді. Британияда коронавирус дертіне шалдыққандар саны 2,38 миллионнан асты. Оның 71 мыңнан астам қаза тапты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy