USD
USD
USD

Британия азаматтарын кеңседе жұмыс істеуге шақырды

 Ұлыбританияда карантиндік шаралар жеңілдетілгенімен қызметкерлер өз кеңселеріне оралғылары жоқ. Бұған Кардифф және Саутгемптон университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижелері дәлел, - деп хабарлайды 24 kz. 

Британия азаматтарын кеңседе жұмыс істеуге шақырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осыған орай бүгін үкімет қызметкерлерді жұмыс орындарына қайта оралуға шықыратын үгіт кампаниясын бастады. Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес британиялық қызметкерлердің 88% үйде отырып жұмыс істеуді жалғастырғылары келеді, ал 47% мұны дағдыға айналдырғысы бар. Егер пандемияға дейін қызметкерлердің тек 6% үйден жұмыс істеп келсе, сәуір айында олардың саны 43% дейін өскен және еңбек өнімділігі негізінен тұрақты болған.   

Жұмыс берушілер ассоциациясының пайымдауынша, қала орталықтары «елес кезген мекенге» айналып, кеңсе қызметкерлерінің арқасында күн көріп келген бизнес өкілдері банкрот болуы мүмкін. Егер премьер-министр тиісті шара қолданбаса. Кейбір беделді депутат-консерваторлар бұл пікірмен келіседі. Кеңседе еңбек ету қауіпсіз екендігін түсіндіруді олар министрлерге міндеттеп жатыр.

Ұлыбритания көлік министрі Грант Шаппс: "Қазір шынымен де кеңседе отырып жұмыс істеу қауіпсіз. Біз және Ұлттық денсаулық сақтау қызметі ол үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз", – деді.

Жұмыс берушілер үкіметтегілерге құлақ асқысы келетіндей. Бірақ көп нәрсе қызметкерге де байланысты. Егер ол тәуекел тобынан болса, заңды түрде бұл талапқа қарсы шығуы мүмкін және бұл оның жалақысына еш әсер етпеуі тиіс. Ғимарат иелері болса, сұраныстың азаюына байланысты кеңсені жалға беру құнын 10% дейін төмендетуге мәжбүр болған.

Қазір оқып жатыр

Мамырда Қазақстан халқы қанша күн демалады?

Мамырдағы мереке

Яна Легкодимованың қазасы: сотталғандарды этаптау үшін арнайы күзет сұратылған

Ризуан мен Алтынбек

Бітіру кешіне қаржы жинауға қатаң тыйым салынады – Оғу-ағарту министрлігі

Бітіру кеші

Мұнай тағы да күрт қымбаттады

Мұнай