USD
USD
USD

Британия парламенті жастарға темекі сатуға өмір бойы тыйым салатын заңды мақұлдады

Ұлыбритания парламенті екі жыл бойы қаралған заң жобасын толықтай қабылдады.

Темекі
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Бұл құжатқа сәйкес, 2009 жылғы 1 қаңтардан кейін туған барлық жасқа темекі өнімдерін сатуға мәңгілік тыйым салынады, деп жазады The Guardian.

«Темекі шекпейтін ұрпақ» қалыптастыруға бағытталған реформа корольдің ресми мақұлдауынан кейін келесі аптадан бастап күшіне енеді.

«Темекі өнімдері мен вейптер туралы» заңның негізгі мақсаты – темекі сатуға тыйым салатын жасты жыл сайын ұлғайту. Осылайша, уақыт өте келе ел тұрғындары үшін темекіні сатып алуды заңсыз ету көзделген.

«Ұлыбританиядағы балалар темекіден азат алғашқы буынның бір бөлігіне айналады және өмір бойғы тәуелділік пен зияннан қорғалады. Алдын алу емдеуден тиімді. Бұл реформа адамдардың өмірін сақтап, Ұлттық денсаулық сақтау қызметіне түсетін жүктемені азайтады және дені сау Ұлыбританияны қалыптастырады», – дейді Денсаулық сақтау министрі Уэс Стритинг.

Оның мәлімдеуінше, темекімен байланысты ауруларды, мысалы қатерлі ісік пен жүрек ауруларын емдеу үшін елдің Ұлттық денсаулық сақтау қызметі жылына 3 миллиард фунт стерлинг жұмсайды. 

Ұлыбританияда темекі жыл сайын 64 мың адамның өліміне себеп болып отыр.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы: сарапшылар нені ерекше атап өтті?

.

​Ташкентте 578 мың долларлық заңсыз криптосауда жасады деген 17 жастағы жасөспірім ұсталды

күдікті өзбек азаматы

КҚК терминалында мұнай тиеу тоқтатылып, Қазақстанда өндіріс көлемі уақытша азайды

.

«ВНЖ-мен мәселесі болған»:Украиналық комик Сабуров туралы пікір білдірді

интервью