USD
USD
USD

Британдық British Airways әуе компаниясы Қытайға ұшуын тоқтатты

Британдық British Airways әуе компаниясы өңірдегі тәжвирусы індетінің өршіп кеткеніне байланысты Қытайға ұшуын тоқтатты. Бұл туралы британдық Guardian басылымы хабарлады.

Британдық British Airways әуе компаниясы Қытайға ұшуын тоқтатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 

«Қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұраймыз, бірақ біз үшін клиенттер мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігі әрдайым басымдыққа ие», - дейді әуе компаниясының өкілдері.

Бұған дейін Ұлыбританияның СІМ вирусқа байланысты британ азаматтарын шұғыл болмаған жағдайда, Қытайға сапардан бас тартуға шақырған еді. British Airways қытайға билет алған жолаушыларға қажет ақпаратты компанияның ресми сайтынан алуға болатынын мәлімдеген.

Бұған дейін АҚШ әуе компаниялары Қытайға ұшудан бас тартқан жолаушылардың билеттерін айыппұлсыз қайтарып беруге уәде еткен болатын. Қазақстандық «Эйр Астана» әуе компаниясы да көрші елге сапарынан бас тартқан жолаушыларға билетін қайтарып беруге немесе басқа уақытқа қосымша ақысыз ауыстыруға әзір екенін хабарлаған.

 

Қазір оқып жатыр

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі

11 мыңға жуық лифтіні екі-ақ адам бақылайды: министрлік тұрғын үй саласындағы проблеманы атады

Пәтер

Ұлттық қордан өңірлерге 1,5 трлн теңге бөлінеді: қаражат қайда жұмсалмақ?

primeminister.kz

Павлодардағы колониядан Wi-Fi-роутерлері, Sony PlayStation ойын приставкасы мен смартфондар табылды

сот