Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Британ премьері COVID-19-дың жаңа аса жұқпалы түрі анықталғанын хабарлады

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон елінде коронавирустың жаңа генетикалық түрі анықталғаны және оның жұғу жылдамдығы 70%-ға жоғары екені туралы хабарлады. Бұл туралы мәлімдеген баспасөз мәслихатының бейнежазбасын премьер өзінің Twitter парақшасында жариялады.

Британ премьері COVID-19-дың жаңа аса жұқпалы түрі анықталғанын хабарлады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бұл мәселе төңірегінде әлі көп нәрсе анық болмағанымен, ол вирустың алғашқы түріне қарағанда 70%-ға жұқпалы деуге болады», – деді Джонсон.

Дегенмен коронавирустың жаңа түрінің ауыр дертке шалдықтыратыны және онымен ауырғандардың арасында өлім-жітімнің жоғары болатыны жайлы деректер әзірге жоқ.
Коронавирустың жаңа түрінің кесірінен Ұлыбританияның бірқатар өңірінде аурудың тарауы күрт өсіп кеткен. Бұл туралы аптаның басында елдің денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок хабарлаған. Оның үстіне бұл елде коронавирустың жаңа түрін Лондон қаласындағы, Эссекс графтығы мен Кент және Хертфордшир графтығының кей елдімекеніндегі мыңнан астам адам жұқтырғаны белгілі болды. 

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық