USD
USD
USD

Британ құқығы оларды қорғай ма? Олигархтар НЕГЕ АХҚО-ға жаппай көшуде?

Соңғы уақытта Қазақстанның ірі бизнесмендері Астана қаржы орталығының юрисдикциясында бірінен соң бірі жаңа компаниялар мен холдингтер тіркей бастады. Яғни активтерді басқару британ правосы бар халықаралық юрисдикцияда жұмыс істемек. Олигархтар болашағы үшін қауіптеніп отыр ма? Әлде бұл деофшоризация ма?

.
Фото: NEGE

Тізімнің өзі назарды аудартады. Тимур және Динара Құлыбаевтар АХҚО аясында «Almex Holding Limited» компаниясын құрды. Кейін осы компания Құлыбаевтардың орнын басып, «Алмэкс» холдингінің иесі атанды. Ал «Алмэкс» Halyk Bank-тің шамамен 62%-ын бақылайды. Тимур Құлыбаев бұдан бөлек Farabi Development Limited компаниясын тіркеді.

Кулибаев
Фото: NEGE

Владимир Ким Астана халықаралық қаржы орталығында «RBK Holding Limited» басқарушы компаниясын тіркеді. Ким мен Эдуард Огайдың «Kazakhmys Holding Limited» компаниясы да осы юрисдикцияда отыр. Ким, Огай, Нұрлан Нығматулиннің ұлдары Нұрхан және Нұржан Нұрлановтар қатысатын «KazChemicals Limited» те АХҚО-да тіркелді.

Кеңес Рақышев соңғы уақытта бірден бірнеше құрылымын осында орналастырды. Олар: Fincraft Energy Holding, Arkhat Minerals, Altaris Holding. Ал Вячеслав Ким «United Group Alatau Ltd» холдингін ашты. Бұл енді кездейсоқ емес екенін аңғартады. Біздегі ірі капитал АХҚО маңына құқықтық қорғаныс үшін көшіп жатқанға ұқсайды.

KIM
Фото: NEGE

Астана халықаралық қаржы орталығы ағылшынның common law қағидаттарына сүйенеді және өзінің тәуелсіз соты бар. Ірі бизнес үшін акционерлер арасындағы дау, үлесті сату, мұрагерлік, инвестор тарту сияқты мәселелерде бұл әлдеқайда қолайлы жүйе.

Тағы бір маңызды себебі салыққа келіп тірелетіні жасырын емес. АХҚО-ға кірген кез келген компания автоматты түрде салық төлемейді деу қате. Бірақ белгілі талаптар орындалса, акциялар мен үлестерден алынатын дивидендтерге және капитал өсіміне байланысты салықтық артықшылықтар бар. Миллиардтаған актив ұстайтын холдинг үшін бұл маңызды.

KIM
Фото: NEGE

Билік тарапынан ірі бизнеске деофшоризация талабы қойылды дейді, NEGE дереккөзі. Бұрын қазақстандық ірі бизнестің активтері Кипр, Нидерланд, Люксембург немесе британдық офшорлар арқылы басқарылатын. Қазір халықаралық AML, beneficial ownership, BEPS және substance тексерулері күшейді. Осы кезде билік те активтерді басқарушы құрылымдарды Қазақстан аумағына қайтаруды қатаң талап еткенге ұқсайды.

Мұндай жағдайда АХҚО-дан басқа «вариант» та жоқ. Қазақстаннан кетпей-ақ, ағылшын құқығына жақын корпоративтік ортада активті басқару мүмкіндігі болғандықтан, капиталы 1 миллиард доллардан асатын бизнесмендердің барлығы Астана жаққа бет алды.

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына өтініш қабылдау басталды

Жаңа шарттары

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат