USD
USD
USD

Brent мұнайының бағасы 43 доллардан асты

Әлемдік биржада Brent маркалы мұнайдың бағасы 6 наурыздан бері бірінші рет 43 доллардан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Brent мұнайының бағасы 43 доллардан асты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биылғы тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы Лондонның ICE биржасында1,7% өсіп, баррелі 43,02 долларға жетті. Сауда алаңының соңғы мәліметтерінде осылай делінген. Мұнайдың бұл түрінің құны соңғы рет 6 наурызда 43 доллардан жоғары болған еді. Одан кейін күрт құлдырап кетті. Ал WTI маркалы мұнайдың баррелі 40,22 доллар деңгейінде тұр. Бұл - өткен сауда кезіндегі бағадан 1,7 пайыз жоғары. ОПЕК+ министрлері 6 маусымдағы кеңесте тағы бір ай бойы, яғни шілденің соңына дейін мұнай өндіруді азайту жөнінде келіскен болатын. Бұл - мұнай өндірісі тарихындағы ең ауқымды төмендету болып отыр.

Қазір оқып жатыр

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған