USD
USD
USD

Brent мұнайы қымбаттады

Brent мұнайының құны 13 қаңтардан бастап алғаш рет барреліне 57 доллардан асты. Бұған Лондонның ICE биржасындағы сауда деректері дәлел.

Brent мұнайы қымбаттады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтан уақытымен 14.33-тегі жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасына сәуір фьючерстерінің бағасы 1,36 пайызға, барреліне 57,12 долларға дейін өсті.

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны 1,4 пайызға, барреліне 54,3 долларға дейін өсті.

Сарапшылар айтуынша, мұнай бағасы коронавирус пен ОПЕК+ елдеріндегі жағдайды тұрақтандырады. Бұған дейін Сауд Арабиясы ақпан-наурыз айларында өндірісті күніне бір миллион баррельге қысқартуға уәде берген. ОПЕК+ ұйымының кейбір елі де осы шараға келісті және мұнай өндірісі тәулігіне 1,425 миллион баррельге төмендеген болатын.

Сонымен қатар, теңгеге қатысты доллар бағамы төмендеді. Биржадағы таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 423,51 теңге болды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда ішек инфекциясымен ауруханаға түскен РФММ оқушылары үйіне шығарылды

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Отбасы банк ипотека рәсімдеу комиссиясын 1 млн теңгеге дейін көтереді

Отбасы банк

Мұнайға инвестиция салмақ болған ақтөбелік бойжеткен 4,3 млн теңгесінен айырылған

Алаяқтық

Kaspi.kz медициналық ұйымға тіркелу қызметін іске қосты

Kaspi.kz