USD
USD
USD

Brent баррелінің бағасы 57 доллардан асты

Мұндай көрсеткіш соңғы мәрті 13 қаңтарда тіркелген еді. Лондондағы ICE биржасында Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 1,19%-ға өсіп, 57,02 долларға жетті. Соңғы мәрте Brent бағасының 57 доллардан асқаны 13 қаңтарда байқалған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz

Brent баррелінің бағасы 57 доллардан асты
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. WTI сұрыпты мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің құны 1,32%-ға қымбаттап, қазір оның бір баррелі 54,13 долларға саудаланып жатыр. Еске сала кетсек, бұған дейін ОПЕК+ елдерінің кезекті отырысы ұйымдастырылған еді. Жиында өндіруші елдер үшін келісімнің шарттарын алдағы екі айда өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды. Қазақстан мен Ресей ғана ақпан мен наурыз айларында өндірісті сәл де болса арттырады. Сауд Арабиясы мен бірқатар ел бір күнде өндірілетін мұнай көлемін тағы да қысқартты. Дегенмен коронавирустың жаңа штамдарының пайда болуы динамикаға кері әсерін тигізіп отыр. Reuters болжамы бойынша, мұнай бағасы 2021 жылдың желтоқсан айына дейін құбылады, сұраныс қалпына келгеннен кейін өсе бастайды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза