USD
USD
USD

Brent баррелі 63,11 долларға саудаланып жатыр

ОПЕК+ альянсы 1 сәуірде мамырдағы өндіріске қатысты шешімін жариялайды. 1 сәуірде эталон сұрыпты мұнай бағасы көтеріле бастады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Brent баррелі 63,11 долларға саудаланып жатыр
Фото: NEGE.kz

 

Нұр-Сұлтан, NEGE.   Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай фьючерстері 0,59%-ға қымбаттап, 63,11 доллар болды. WTI сұрыпты мұнай бағасы 0,63%-ға артып, бір баррелі 59,53 долларға саудаланып жатыр.   Бүгін ОПЕК+ мамыр айындағы мұнай өндірісіне қатысты шешім қабылдайды. 31 наурызда ОПЕК+ комитетінің кездесуінде сөз сөйлеген ОПЕК ұйымының бас хатшысы Мұхаммед Баркиндо жаппай вакцинация мен экономиканы ынталандыру шараларына қарамастан экономикалық ахуалдың мәз емес екенін айтты. ОПЕК+ техникалық комитеті отырыста мамыр айына дейін қазіргі квоталарды ұзарту және Сауд Арабиясының шектеулерін сақтау жағын қарастырған болатын, бірақ ешқандай ұсыныстар қабылданбады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Жеңіс Қасымбекті тағы да мақтады

.

Пойыз билеттері 30%-ға дейін арзандайды

Жолаушылар пойызы

«Бай-бағландар да, биліктегілер де келеді»: уролог ерлерге арналған операциялар туралы айтты

Decaf

ЭКСЖ: 67 жоба бойынша құрылыс жұмыстары әлі басталмаған

ЭКСЖ Жобалық кеңсесінің отырысы