USD
USD
USD

Brent баррелі 55,42 долларға саудаланып жатыр

Сұранысқа індеттің кең етек жаюы мен басқа да факторлар кері әсерін тигізуде. 26 қаңтарда мұнай бағасы төмендеді. АҚШ-та экономиканы ынталандыру шарасының тез қабылданбауы және коронавирустың таралуы нарықты алаңдатып отыр, деп хабарлады  inbusiness.kz

Brent баррелі 55,42 долларға саудаланып жатыр
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 0,82%-ға арзандап, 55,42 доллар болды. WTI маркалы мұнай бағасы 0,81%-ға түсіп, баррелі 52,34 долларға саудаланып жатыр. Жақында ғана мұнай бағасы соңғы 11 айдағы ең жоғары көрсеткішке жеткен еді. Дегенмен инвесторларды әлі де сұраныс көлемі алаңдатып отыр. Өйткені пандемия бәсеңдемеді, бірқатар ел карантин жариялады. Оның үстіне Құрама Штаттар экономиканы ынталандыру шарасын әлі қабылдаған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы

Павлодар мұнай-химия зауытындағы бензин сапасы тексерілді: не анықталды?

бензин сапасы

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді алу уақыты екі есеге қысқарады

ЖИ

Пәкістанда перзентханада өрт шығып, 15 сәби көз жұмды

Пәкістандағы өрт