USD
USD
USD

Brent бағасы 68,67 долларға дейін көтерілді

25 мамырда эталон сұрыпты мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Brent бағасы 68,67 долларға дейін көтерілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Brent сұрыпты мұнай бағасы 0,31%-ға көтеріліп, 68,67 доллар болды. WTI фьючерестері 0,23%-ға қымбаттап, бір баррелі 66,2 долларға саудаланып жатыр. Америка Құрама Штаттары мен Иран арасындағы келіссөздер осы аптада Венада қайта басталуы керек. МАГАТЭ басшысы Иран мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік жақында аяқталған мониторинг туралы келісімді бір айға ұзартатынын хабарлаған еді. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Иранның ядролық міндеттемелерді орындауға дайын еместігін айтқаннан кейін, нарықтағы шикізат бағасы қайтадан көтеріле бастады. Еуропа мен АҚШ-тың кейбір бөліктерінде коронавирус жұқтыру мен дерттен қаза табу фактілері азайған. Бірақ әлемдегі ірі мұнай импорттаушы Үндістандағы індет әлі күнге дейін басылмай тұр. Бұл елде бір күнде тіркеліп жатқан науқастардың саны 200 мыңнан көп.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам

Қазақстанда 1 қазаннан бастап жұмыссыз деп тануға дейінгі мерзім 13 күнге ұзарады

Жұмыс іздеуші

Дастан Сәтпаев Англияда Қазақстанның U-21 құрамасымен кездесті

Қазақстан ұлттық футбол құрамасы