Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Brent маркалы мұнайдың баррелі 90 доллардан асты

АҚШ пен Иран арасындағы әскери қақтығыстың ушығуы, сондай-ақ Ормуз бұғазындағы тасымалдың шектелуі салдарынан әлемдік мұнай бағасы дүйсенбі күні шамамен 3%-ға өсті. Таңертеңгі саудада Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 2,77 долларға немесе 3,14%-ға өсіп, барреліне 90,87 долларға жетті.

мұнай бағасы
Фото: ЖИ көмегімен әзірленді

Астана, NEGE. Бұл сәуір айынан бергі ең ірі апталық өсім болып саналады, деп жазады Reuters.

Ал АҚШ-тың West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнайының бағасы да 2,35 долларға немесе 2,85%-ға өсіп, барреліне 84,84 доллар болды. Бұл – 12 маусымнан бергі ең жоғары деңгей. 

Бағаның өсуіне АҚШ пен Иран арасындағы әскери қақтығыстың қайта жандануы себеп болып отыр. Демалыс күндері жағдай тағы ушықты: АҚШ қатарынан тоғызыншы түн Иран аумағына соққы жасаса, АҚШ-тың одақтастары – Кувейт пен Бахрейн өз аумақтарына Иран тарапынан жаңа шабуылдар жасалғанын хабарлады.

АҚШ, Израиль және Иран арасындағы қақтығыс ақпан айының соңынан бері жалғасып келеді. Әскери іс-қимылдар басталғаннан кейін әлемдегі мұнай мен газдың шамамен 20%-ы тасымалданатын Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы тоқтады.

18 маусымда АҚШ пен Иран екі айлық атысты тоқтату және Парсы шығанағындағы кеме қатынасын қалпына келтіру туралы меморандумға қол қойған еді. Алайда көп ұзамай тараптар қайтадан бір-біріне соққы жасай бастады.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат