USD
USD
USD

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 87 долларға дейін түсті

Лондондағы ICE биржасындағы сауда-саттық мәліметтеріне сәйкес, Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 14 тамыздан бері алғаш рет 5,73%-ға түсті.

мұнай бағасы
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Астана уақытымен 00:51-дегі жағдай бойынша, Brent бағасы 4,67%-ға төмендеп, барреліне 87,87 доллар болды. Осылайша, мұнай бағасы 88 доллар деңгейінен төмендеді.

Ал Астана уақытымен 01:05-те Brent бағасының төмендеуі үдеп, 14 тамыздан бері алғаш рет барреліне 87 доллардан түсіп, баға 86,89 деңгейінде белгіленді, яғни 5,73%-ға арзандады.

Бұл ретте қыркүйекте жеткізілетін WTI маркалы мұнай фьючерстері 4,95%-ға төмендеп, барреліне 80,8 доллар болды.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова