USD
USD
USD

Бразилиядағы тұтас бір қала жер астына түсіп кетуі мүмкін

Бразилия билігі елдің солтүстігіндегі Буритикупу қаласы елді мекен тау жыныстарының опырылуы салдарынан жер астына кетеді деген қауіпке байланысты аталған аумақта төтенше жағдай жариялады.

Бразилия
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Тиісті шешім ел үкіметінің баспасөз бетінде жарияланды.

— Табиғи апаттар туралы формулярда сипатталған аумақтарда қоғамдық апаттың режимі танылсын, - делінген құжатта.

Муниципалитет бұған дейін Буритикупуда қатты жауған жаңбыр көшкін қаупін арттырғаннан кейін төтенше жағдай жариялаған болатын. Жергілікті билік зардап шеккендерге көмек көрсету үшін федералды үкіметтен қосымша қаражат сұрай алады.

Қазіргі таңда қауіпті аймақта 250 үй бар.

G1 порталының жазуынша, Буритикупуда тау жыныстарының біртіндеп опырылуы 30 жылдан астам уақыт бойы байқалып келеді және осы уақыт ішінде 70-тен астам үй жер астында қалған.

Қазір оқып жатыр

«Енді асыға оралатын үйім бар»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлады

.

Құрылтай сайлауына Грузия, Иран, Швеция және Қырғызстаннан байқаушылар қатысады

.

ШҚО-да жүргізуші куәлігін алмақ болған ер адам 6,6 млн теңгесінен айырылған

алаяқтық

Алматыда жүйіткіген көлік музей алдындағы арт-инсталляцияға соғылды

жол-көлік оқиғасы