Бразилияда сайлауалды науқан басталды
Президенттікке үміткер Луис Инасиу Лула да Силва келесі айда өтетін сайлауда жеңіске жетсе, қымбатшылыққа қарсы шаралар қолданып, азық-түлік бағасының өсу мәселесін шешіп беруге уәде етті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алматы, NEGE. Елдің Сан-Паулу штында саясаткерді қолдап жүздеген адам шеруге шықты. Олардың ұйымдастырған жиыны «Демократия үшін шеру» деген атау алды.
Айта кетейік, таяуда ғана қазіргі мемлекет басшысы Жаир Болсонаруға қарсы наразылық шара өткен болатын. Халық инфляция салдарынан елдегі қымбатшылыққа жол бермей, жұмыссыздық мәселесін шешуді талап етті.
Қазір оқып жатыр
Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды
30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді
«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады
Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады