Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бразилияда коронавирустың таралуы бәсеңдемей тұр

Әлемде короонавирус жұқтырғандар саны 25 миллионннан асты. Бұл туралы америкалық Джонса Хопкинс атындағы университет мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бразилияда коронавирустың таралуы бәсеңдемей тұр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қауіпті вирус АҚШ, Бразилия, Үндістан, Ресей және Перуде кең тарады. Дертке шалдыққандардың төрттен бір бөлігі – Құрама Штаттарда. Мұнда соңғы бір тәулікте 44 мыңнан астам тұрғын вирусты жұқтырып, ауырғандардың жалпы саны 6 миллионға жуықтады. Індеттен 180 мыңнан астам науқас көз жұмған.  Бразилияда да коронавирустың таралуы бәсеңдемей тұр.

Соңғы бір күнде дертті 16 мың азамат жұқтырып алған. Бұл өткен аптадағы бір күндік көрсеткіштен әлдеқайда төмен. Жалпы бұл мемлекетте дертке шалдыққандардың саны 4 миллионға жуықтаған. Олардың 3 миллиондайы емделіп шығып, 120 мыңнан астам науқас қайтыс болды. Ал Перуде коронавирусты жұқтырғандардың саны 630 мыңға тақады. Кеселден 28 мыңнан астам көз жұмған. Соңғы апталарда індеттің таралуы қайта күшейіп, елде төтенше жағдай тәртібі қайта қыркүйектің 30-ына дейін созылды.

Қазір оқып жатыр

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА

Қазақстандықтар eGov сайты ашылмай тұрғанын айтып, шағымданды

ақау

Маңғыстаудағы мұнай-газ кәсіпорнында жоспардан тыс тексеріс басталды

жоспардан тыс тексеру

​Назарбаевтың кезінде тарихшылар тоғыз ай жалақысыз отырған – Жақсылық Сәбитов

Жақсылық Сәбитов/Decaf