USD
USD
USD

Бразилияда Covid-19 пациенттеріне оттегі жетіспей жатыр

Бразилияның Манаус қаласының (Амазонас астанасы) тұрғындары билікті санитарлық дағдарысты жеңе алмады деп айыптап отыр. Жергілікті ауруханаларда Covid-19 ауыр түріне шалдыққан науқастарға оттегі жетіспейді, деп хабарлайды Euronews.

Бразилияда Covid-19 пациенттеріне оттегі жетіспей жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Науқастардың туыстары оттегі баллондарын алып, оларды клиникаға жеткізу үшін ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр. Өткен жылдың 26 ақпанында инфекцияның алғашқы жағдайы расталған Бразилия АҚШ пен Үндістаннан кейін ең көп вирус жұқтырған мемлекеттер тізімінде үшінші орында. Билік Амазонастағы кейбір ауыр науқастарды елдің басқа аймақтарындағы медицина мекемелеріне ауыстыруға шешім қабылдады. 60 шақалақты жаңа туған нәрестелерге арналған бөлімшелерде емдеу үшін Манаустан ауыстырды. Республика Президенті Джейр Болсонару оттегі проблемасы бар екендігін мойындайды: «Біз қашанда қолдан келер көмекті аямаймыз. Манаустағы жағдай қиын. Дегенмен жұмыстың бізге тиесілігі бөлігін орындадық». Бразилия әуе күштерінің ұшағы Амазонас ауруханаларына тоғыз оттегі баллонын апарды. Соңғы бес күнде штаттың ауруханаларына 400-ге жуық баллон жеткізілді. Айта кетсек, өткен аптада Бразилияда коронавирус инфекциясының 360 мыңға жуық жағдайы тіркелген болатын.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия