USD
USD
USD

Бразилияда бір тәулікте 67860 адам коронавирус жұқтырған

Бразилияда соңғы тәулікте 67860 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, хабарлайды «Хабар 24».

Бразилияда бір тәулікте 67860 адам коронавирус жұқтырған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл – пандемия басталғалы бір күнде тіркелген рекордтық көрсеткіш. Өткен аптада Бразилияда тәуліктік өсім көрсеткіші тұрақталды деген еді. Алайда, осы аптада жағдай өзгеріп шыға келді. Бразилия президентінің коронавирусқа үшінші мәрте тапсырған сынамасы вирус белгілері бар екенін көрсеткен. Ол қашықтан жұмыс істеп отыр. Кейбір тұрғындар мемлекет басшысының жағдайы үшін алаңдап жатса, басқалары ахуалдың осылай ушығуына билікті кінәлайды.

"Елде вирус өршіп тұрғанда бізде Денсаулық сақтау министрі болмады. Президент оларды отставкаға жіберіп, министрлер ауысып отырды. Қазір саясатпен айналысатын уақыт емес. Бұл адамдардың өмірін сақтап қалу үшін күш біріктіретін кез", - дейді жергілікті тұрғын.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу