USD
USD
USD

Бразилияда жолаушылар автобусы аударылып, 17 адам қаза тапты

Бразилияның билік өкілдері елдің солтүстік-шығысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, кемінде 17 адамның қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Аnewz.

Жолаушылар автобусы
Фото: Anews

Алматы, NEGE. Оқиға Пернамбуку штатының Салоа елді мекенінде болған. Автобуста шамамен 30 жолаушы болған. Көлік көршілес Баия штатындағы Брумаду қаласына бағыт алған кезде үйілген құмға соғылып, аударылған.

Полицияның мәліметінше, жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Жол жиегіндегі тастарға соғылып, кейін өз жолағына қайта оралып, үюлі жатқан құмға соғылғаннан кейін автобус бір жағана қарай аударылып қалған.

Жергілікті ппаттың нақты себептерін анықтап жатыр. Жүргізуші жеңіл жарақат алған. Сондай-ақ оған жүргізілген алкоголь тесті теріс нәтиже көрсетті.

Баия штатының губернаторы Жерониму Тейшейра әлеуметтік желіде қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты. Ол жергілікті билік өкілдері құтқару операцияларына және қаза тапқандарды анықтау жұмыстарына көмектесіп жатқанын растады.

– Мен бұл жағдайды командаммен жіті бақылап отырмын. Қаза тапқандарға, жарақат алғандарға және олардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын, – деп жазды губернатор.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Ухнаагийн Хурэлсух, Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

Ернұр Алмахан

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Балалар тағамы

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Сарбаздар, Қазақстан әскері