USD
USD
USD

Бразилия радиосынан Димаштың әндерін тыңдауға болады

Биыл мамыр және маусым айларында Димаш Құдайберген орындайтын «Я скучаю по тебе» «О’кей» және «S.O.S» әндері күн сайын Бразилиялық Correio 98 FM радиосының эфирінде қойылып жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бразилия радиосынан Димаштың әндерін тыңдауға болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ал 24 мамырда радио Димаш туралы арнайы бағдарлама өткізді. Ол бағдалама әншінің орындауындағы «S.O.S» әнімен ашылды. Радиожүргізушілер Димашты үлкен вокалдық диапазоны бар әнші ретінде таныстырып, артистің түрлі музыкалық жанрда және әлемнің көптеген тілінде ән шырқайтынын айтты.

Dimash Qudaibergen FC Brasil фан-клубының Dears жобасы Димаштың әндерін Бразилияның ірі радиостанциясында таратуды мақсат етті. Осылайша олар қазақстандық орындаушының шығармашылығын өз елінде барынша насихаттағысы келген.

Сонымен қатар осы жоба аясында Бразилияның танымал «Extra» газетінде Димаш пен оның шығармашылығы туралы бірнеше материалдар жарық көрді. Ең кейінгі басылым 2022 жылдың наурыз айында жарық көрді және онда әншінің пандемиядан кейін сахнаға оралғаны, Дубай, Дюссельдорф және Прагадағы жаңа концерттері туралы жазылған, – деп хабарлады Dimashnews.com сайты.

Айта кетейік, Correio 98 FM радиосы Бразилияда алғаш рет 1983 жылы эфирге шыққан. Радиостанцияның Штаб-пәтері Кампина-Гранди қаласында орналасқан. Дәл осы жерде әлемдегі ең үлкен Сент-Джон фестивалі өтеді. Онда жыл сайын бүкіл әлемнен миллионға жуық адам жиналады.

Қазір оқып жатыр

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы

Полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып, қаза тапты

Қостанай ПД

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы