USD
USD
USD

Бразилия президентіне маска тақпағаны үшін айыппұл салынды

Әлем елдері оқушыларды коронавирусқа қарсы вакциналауға дайындалып жатыр. Бразилия президентіне масқа тақпағаны үшін айыппұл салынды. 

Бразилия президентіне маска тақпағаны үшін айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. АҚШ балаларды вакциналауды жоспарлап отыр. Американың Moderna концерні 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы вакцинаны қолдануға рұқсат алу үшін Еуропалық одаққа құжаттарды тапсыруға ниетті. Қазіргі уақытта Еуропалық дәрі-дәрмектер агенттігі (EMA) немістің BioNTech компаниясы мен оның америкалық серіктесі Pfizer-дің вакцинаны 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерге егуге рұқсат беру өтінішін қарастыруда. Пандемия алдында барлығы тең.

Бразилия президенті Джейр Болсонару Мараньян штатында өткен жаппай іс-шараға қатысып, онда маскасыз жүргені үшін айыппұл төлейді. Президентпен кездесуге 500-ге жуық адам қатысты. Бұл штатта қатысушылар саны 100 адамнан асатын кез келген жиналыстарға тыйым салынған. Жасөспірімдердің COVID-19 инфекциясын жұқтыруын тоқтату үшін Германияның Денсаулық сақтау министрлігі мектеп оқушыларын вакциналауға дайындалып жатыр. Ведомство мектеп жасындағы балаларды егу үшін вакцина қорын құруға шақырды. Мақсат – тамыз айының соңына дейін, яғни жаңа оқу жылы басталар алдында оқушыларды иммундауды қамтамасыз ету. Пандемия басталғалы бері Германияда коронавирустың 3 648 958 жағдайы және 87 380 өлім тіркелді. 

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси