Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бразилия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде екінші орынға шықты

 Бразилия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Ресейден озып, әлемде екінші орынға шықты, - деп хабарлайды dw.com. 

Бразилия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде екінші орынға шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Америкадағы Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, 23 мамырға қараған түні Бразилияда жалпы 330 890 коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелсе, Ресейде 326 448 болған. Соңғы тәулікте Бразилияда 20 803 коронавирус жұқтырған, бұл елдегі пандемия кезіндегі рекорд көрсеткіш. Бір күнде індеттен 1001 адам қайтыс болса, пандемия басталғаннан бері 21 048 адам көз жұмған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Төтенше жағдайлар бойынша басшысы Майк Райан жұма күні Оңтүстік Американы «індеттің жаңа ошағы», ал Бразилияны «ең көп зардап шеккен ел» деп атаған.

Райан COVID-19 дертін жұқтырғандар мен одан көз жұмғандар саны елде ең көп Амазония аймағына назар аударды. Бразилияда 2020 жылы COVID-19 пандемиясы салдарынан мемлекеттік қарыз рекорд дәрежеде өсуі күтілуде (ЖІӨ 93,5 пайызына дейін). Бұл соңғы 120 жылдағы бақылау жүргізілген кездегі жалпы ішкі өнімнің ең төмен құылдырауы (кем дегенде, ЖІӨ-нің 4,7 пайызы) болмақ. Бұл ретте, AFP агенттігінің хабарлауынша, елде індет жұқтырғандардың нақты саны жүргізілген зерттеу тестінің аз болуына байланысты 15 есе көп болуы да ықтимал.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА