Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бразилия екінші орынға шықты

Бразилияда бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясын 33 274 адам жұқтырған. Бұл туралы бразилиялық денсаулық сақтау министрлігі 30 мамырдың кешінде жариялады, деп жазады korrespondent.net.

Бразилия екінші орынға шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Осымен үшінші күн қатарынан вирус жұқтырғандардың тәуліктік саны рекордтық көрсеткішке жетіп отыр (26 417 оқиға бейсенбі күні және 26 928 − жұма күні анықталды). Елде инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 498 440-ке жетті.
Бір тәулік ішінде өлім-жітім саны 956-ға өсіп, пандемия басталғалы бері 28 834 адам қаза тапқан. 200 мыңнан астам пациент сауығып шықты.
Елдің денсаулық сақтау министрлігінің статистикасы бойынша, елдің 100 мың тұрғынына шаққанда 237,2 жұқтырғандар және 13,7 қайтыс болғандар тең келеді. Инфекция жұқтырғандар арасындағы өлім-жітім үлесі 5,8% құрайды.
Бразилия вирус жұқтырғандар саны ең көп  елдер тізімінде АҚШ-тан кейін екінші орынды алады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА