USD
USD
USD

Бразилия джунглиінде бір тайпаның ең соңғы өкілі қайтыс болды

Бразилияда 26 жыл жалғыз өмір сүрген «Шұңқырдан шыққан адам» деген атпен танымал үндіс қайтыс болды. Ол өркениеттен тыс қалған тайпаның соңғы өкілі болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бразилия джунглиінде бір тайпаның ең соңғы өкілі қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. РБК басылымының жазуынша, оның денесін Үндістердің ұлттық қорының қызметкерлері үйінің жанындағы гамактан тауып алған.

Сондай-ақ оқиға орнында бөтен адамдардың ізі мен алысу белгілері табылмағаны айтылды.

Бразилияның Рондония штатында жалғыз үндіс тұратыны туралы ақпараттар 1996 жылы тарала бастады.

Оны жұрт «Шұңқырдан шыққан адам» деп атап кетті: өйткені оның әр тұрағынан терең тесіктер табылды. Ол шұңқырды аң аулау және қолайсыз ауа-райында паналау үшін пайдаланды деп болжанады.

lenta.ru сайтының жазуынша, оның тайпасын 1970-1980 жылдары джунглидегі аумақты басып алған ағаш өңдеушілер мен фермерлер жоя бастаған. 1995 жылы олар бес адамнан тұратын соңғы топты өлтірді.

Оның аты-жөнін, тайпаластары туралы мәліметтерді ешкім білмейді. Оның өлімімен тайпаның геноциді аяқталды.

Сонау 2018 жылы соңғы үндіс видеоға түсіп қалғаны хабарланған болатын. Бейнежазбадан Шұңқырдан шыққан адам балта тәрізді құралмен ағаш шауып жатқанын көруге болады.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер

Лауазымды адамдар «Семей орманында» ағашты заңсыз кесу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Ағаш тиеген жүк көлігі

Александр Лукашенко қазақтар мен белорустарды «қан байланыстырған жақын халықтар» деп атады

Олжас Бектенов, Александр Лукашенко