USD
USD
USD

Братиславада қазақ киносы күндері өтіп жатыр

Словакия астанасында Қазақстан Елшілігі Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және словакиялық серіктестермен бірлесіп ұйымдастырған Қазақ киносы күндерінің ашылу салтанаты өтті.

Братиславада қазақ киносы күндері өтіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Фильмдердің көрсетілімі биыл 110 жылдығын атап өтіп жатқан және Шығыс Еуропадағы алғашқы кинотеатрлардың бірінде – аты аңызға айналған «Mladosť» кинотеатрында өтуде. Көрермендерге режиссер Ақан Сатаев түсірген «Томирис» және «Жаужүрек мың бала» тарихи фильмдері, сондай-ақ режиссер Рүстем Әбдірашевтың «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» және «Қазақ хандығы. Алтын тақ» дилогиясы көрсетілуде. Заманауи қазақ киносының жауһарлары словак жұртшылығын қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы қаһармандық күресінің тарихымен таныстыруды көздейді.

Братиславадағы кинопремьерадан кейін қазақстандық фильмдер Словакияның басқа да бірқатар аймақтарында көрсетілетін болады. Мәдени шара Қазақстан-Словакия қарым-қатынасы тарихында алғаш рет өткізіліп отыр және Қазақстан Республикасы күні қарсаңында ұлттық мәдениетті насихаттауға арналған.

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент