USD
USD
USD

Браконьерлерге тікұшақпен қуып жете алмады

Атырау облысында болған оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Атыраулық инспекторлар браконьерлерді тікұшақпен қуып жете алмаған видеосы тарады. Ең қызығы, ескі мотоциклмен қашып бара жатқан браконьерлер видеоны өздері түсірген.

Браконьерлерге тікұшақпен қуып жете алмады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ми-8 тікұшағы төбелерінен төніп келгенде браконьерлер видеоға түсіре бастаған сыңайлы. Олардың сөздерінен де, өздерінен де қорқыныш табы білінбейді.

Атыраулық «Ақ Жайық» басылымының жазуынша, қуғын Еркінқала ауылының маңында түсірілген. Браконьерлер Каспийден балықты заңсыз аулап жүрсе керек. Облыстық полиция департаменті браконьерлердің ұсталмай кеткенін мойындапты.

«Сағатына 200 шақырым жылдамдықпен ұшатын тікұшақ екі ескі мотоциклге қалай жете алмағаны жұмбақ» деп жазады басылым сайты.   

Қазір оқып жатыр

Пайда мен қарыз бірге өсуде. Ағайынды Тастекейлер биыл НЕГЕ қарқын алып келеді?

TAS

Қазақстанда туу көрсеткіші төмендеп барады: анти-рейтингті Қызылорда облысы мен ШҚО бастап тұр

нәресте

Kyzdar.net ісі бойынша күдікке ілінген әйел Грузиядан экстрадицияланды

Күдікті

729 казақстандық мемлекеттен алатын жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

көмек