USD
USD
USD

Браконьерлерден 4 тоннадан астам балық тәркіленді

Атырауда заңсыз ауланған 4 тоннадан астам балық тәркіленді. 
Браконьерлерден 4 тоннадан астам балық тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жайық-Каспий» облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы Құрманғазы аудандық бөлімінің қызметкерлері шекара қызметкерімен бірлесіп 15 тамызда рейд өткізген.

«Іс-шара кезінде Құрманғазы ауданындағы Иголкино каналы бойынан шағын кеме тексерілді. Кемеден 4 тонна 361 келі балық тәркіленді. Оның ішінде 2 563 келі сазан, 83 келі сыла, 772 келі жайын, 264 келі мөңке, 360 келі шортан, 319 келі көксерке балығы Иголкино учаскесінен тыйым салынған мезгілде заңсыз ауланған. Тәркіленген балық сол күні «Амангелді» ЖШС-на тапсырылды. Ал шағын кеме Құрманғазы балық инспекциясы бөлімінде уақытша сақтауға қойылды», - деп хабарлады инспекция маамндары.

Аталған балық түрлерін заңсыз аулаудан мемлекетке 23 161 563,4 теңге көлемінде шығын келген.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші