USD
USD
USD

Браконьерлерден 26 құстың еті тәркіленді

Түркістан облысында браконьерлерден заңсыз ауланған 26 құстың еті тәркіленді. 

Браконьерлерден 26 құстың еті тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE. Созақ ауданының полицейлері Ақжар көлінің маңында аңшылық құрып жүрген екі азаматты ұстады. Ордабасы мен Төлеби ауданының тұрғындары заңсыз қаз және үйрек құстарын аулау үшін өңірге арнайы дайындықпен барыпты. Полицейлер айғақты зат ретінде браконьерлерден 2 дана аңшы мылтығын, 1 қайық, 18 дана қаз, 8 дана үйрек етін тәркілеген.

«Күдіктілер өз сөзінде Созақ ауданына аңға шығу мақсатында келгендерін жеткізді. Алайда олардың аң атуға рұқсат қағаздары болмай шықты», -делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда құқық бұзушыларға қатысты ҚК-нің 337-бабы «Заңсыз аңшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов