USD
USD
USD

Браконерлер судағы тіршіліктің бәрін қынадай қырып жатыр – депутат Н.Әуесбаев

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Нұрлан Әуесбаев Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа балық шаруашылығы инспекциясының аумақтық бөлімшелеріндегі мәселелер бойынша депутаттық сауал жолдап, онда негізінен браконерлер жайлы өткір мәселе көтерді.

Әуесбаев
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE.  Депутаттың тиісті министрлікке жолдаған сауалынан бұл салаға «Қойшы көп болса, қой арам өледінің» кері келіп тұрғанын байқадық. Бірақ мәселе қойшының көптігінде емес, керісінше жоқтығында болып тұр.

– Браконьерлікке жол бермеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қажет ететін су айдындарының саны, уәкілетті орган қызметкерлерінің санынан бірнеше есе артық екенін байқаймыз.

Қызметкерлер мұндай аумақты физикалық тұрғыдан толық көлемде бақылай алмайды, әрине бұл браконьерлер үшін тиімді.

Тағы бір назар аударатын мәселе – браконьерлердің электр таяқшаларын қолдануы, – дейді депутат Н.Әуесбаев.

Оның айтуынша, балық аулаудың бұл түрін табиғат қаскөйлері Іле өзенінде кеңінен қолданылып жүр екен. Яғни 4-5 қайықтан тұратын браконьерлер бірігіп балық қыстайтын шұңқырларды тоқпен ұрғылап, оңай олжаға кенеліп жүрген тәрізді.

– Электр қармақтары жұмыс жасаған аймақта балық шабақтарының, уылдырықтардың, сондай-ақ көптеген құрттардың, моллюскалардың, шаян тәрізділердің және басқа да су тұрғындарының, тіпті су қоймасының тіршілігі мүмкін емес қарапайым организмдердің де жаппай қырылуы орын алуда.

Бақыланбайтын және шектен тыс балық аулау өңірлерде үлкен экологиялық проблемаларға әкелуі мүмкін, – деген Мәжіліс депутаты министрлікке бағытталған фракция ұсынысын атап өтті.

Алдымен ол жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелердің штатын қайта қарастыру керектігін көтерді. Сондай-ақ аумақтық бөлімшелер қызметкерлерінің жалақысын арттыру туралы ұсынысын жеткізді. Ал айыппұл сомасының пайыздық қатынасында браконьерді ұстағаны үшін қызметкерлердің сыйлықақыларының мөлшерін қайта қарау туралы мәселелерді пысықтауы қажеттігін ұсынды.

Қазір оқып жатыр

«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы

бапи

«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы

мұрат әбен

Ескертуді елеместен Таяу Шығысқа кеткен қазақстандықтар жауапқа тартыла ма?

Әлібек Қуантыров

Маңғыстаулық Ұлы Отан соғысының ардагері бейбітшілікті бағалап, болашақ үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды

Маңғыстау облысы