Браконьер үш жыл бас бостандығынан айырылды
Балқашта браконьер үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. 26 сәуірде полиция қызметкерлері Балқаш көлінде “Браконьер” профилактикалық іс-шарасы барысында моторлы қайықты ұстады. Оның ішінде 23 жастағы жігіт болған.
Тәртіп сақшылары шомылу нысанын тексеру барысында үш тор мен 90 келіге жуық әртүрлі сортты жаңа ауланған балықтарды тауып, тәркілеген. Келтірілген шығын көлемі 377 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы (Балық ресурстарын, өзге де су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін барлық материалдар Балқаш қалалық сотының қарауына жіберілді. Сотталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Сонымен қатар, сот сотталушыдан мемлекетке келтірілген 378 мың теңге материалдық шығын сомасын өндірді.
Қазір оқып жатыр
Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»
«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті
2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев
Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады