Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Браконьер Қызыл кітапқа енген қарақұйрық аулаған

Жамбыл облысында Қызыл кітапқа енгізілген қарақұйрықты аулаған браконьер ұсталды, деп хабарлайды ҚР Экология геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі.

Браконьер Қызыл кітапқа енген қарақұйрық аулаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2020 жылдың 12 қарашасында «Охотзоопром» инспекторлары Жамбыл облысы Полиция департаментінің Мойынқұм аудандық полиция бөлімі және Жамбыл облысы Полиция департаментінің Шу ауданаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп жедел іс-шара өтізді. Жедел іс-шара барысында «Қарақыстық» жерінде қарақұйрықтың етімен 1986 жылы туған А. есімді азамат ұсталды», – деп хабарлайды комитеттен.

Еске сала кетейік қарақұйрық қызыл кітапқа енген аң саналады. Аталған факт бойынша ҚР ҚҚ 337-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz