USD
USD
USD

Бір жыл өтті. QirSabyn ісі неге тым-тырыс?

QirSabyn Telegram-арнасының әкімшілеріне қатысты тергеу барысы туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әлі күнге дейін нақты ақпарат берген жоқ.

QirSabyn Telegram-арнасынан
Фото: QirSabyn Telegram-арнасынан

Астана, NEGE. Осыдан бір жыл бұрын атышулы Telegram-арнаның артында тұрған адамдар ұсталған еді. Біз тергеу қалай жүріп жатқанын, қылмыстық істің сотқа жолданған-жолданбағанын анықтауға тырыстық. Осыған байланысты мынадай сауалдар жолдадық:

1. QirSabyn Telegram-арнасының әкімшілеріне және басқа да күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қазір қай сатыда? Егер үкім шықса, қандай жаза тағайындалды немесе олар ақталды ма?

2. Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша тергеліп жатыр? Іс бойынша қанша том материал және қанша заттай айғақ жиналды?

3. Бұл іс бойынша қанша адам күдікті және жәбірленуші ретінде танылды?

4. Күдіктілер қандай жауап беріп отыр? Олар кінәсін мойындай ма?

5. Келтірілген материалдық шығынның көлемі анықталды ма?

Алайда ҰҚК өкілі Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейтінін ғана хабарлады.

Еске сала кетейік, QirSabyn Telegram-арнасы шенеуніктер мен инфлюенсерлердің жеке өмірі туралы жазбаларымен танымал болған. 2024 жылғы 18 желтоқсанда арнаның әкімшілері Астана мен Қарағанды қалаларында ұсталды. Олар компромат жариялаймыз деп қорқытып, бопсалады деген күдікке ілінді. Сондай-ақ жариялануы мүмкін делінген материалдардың жалған болғаны да айтылған.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар