USD
USD
USD

Бір жерден төрт рет мал ұрлаған күдікті ұсталды

Еңбекшіқазақ ауданының 25 жастағы тұрғыны алғашқы рет 28 қаңтарында полициядан көмек сұраған.

Ұрлық
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Сол уақытта оның сарайынан құны 600 мың теңге болатын бір бас жылқысы ұрланған. Аталған жағдайға дейін оның табынынан қойлары да жоғалғаны белгілі болды. Бір жарым айдың ішінде оның жалпы сомасы 900 мың теңге болатын бірнеше бас ұсақ малы мен бір бас жылқысы ұрланған.

Аталған қылмыстар Шелек ауылының полиция бөлімінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны дереу ұстады. Ол 29 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта ол өз қылмысын толық мойындап, УҰИ-ға қамаққа алынды.

Қазіргі уақытта ұсталған адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексерумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду

Әкім қабылдауына келген тұрғындарды неге ұялы телефонына түсірген?

Аманжол Мырзабеков

Қазақстанның газ саласында 24 млрд теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылықтар анықталды

газдандыру

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов