Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Оқушылар бір-бірін соққыға жығып, оны видеоға түсірген» – Білім басқармасы пікір білдірді

Ресми статистика бойынша, елімізде әрбір бесінші жеткіншек әлімжеттікке тап болады. Дәл осындай жағдай жуырда Астанадағы №83 мектеп-гимназиясында қайталанған. Онда 9 сынып оқушылары өзге оқушыларды соққыға жығып, видеоға таспалап алған, деп хабарлайды Nege.kz.

Мектептегі бұзақылық
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Білім басқармасы оқу ордасында орын алған бассыздыққа байланысты жауап берді.

– Оқиға 4 қыркүйекте болған. Бұл жерде шынайы төбелес болмаған. Оқушылар әлеуметтік желіде танылу үшін ұйымдастырылған видео екенін түсіндірді. Бүгінгі таңда оқушылардың жеке басы анықталды. Мектеп басшылығы жауапты полиция инспекторы және ата-аналармен бірлесіп түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушылармен әңгімелесті. Оқушылар мектепішілік бақылауға алынды, – делінген басқарма хабарламасында.

Ал видеода «зардап шеккен» баланың рөлін сомдаған баланың ата-анасы ешқандай арыз жазбайтынын жеткізді.

Айта кету керек, биылдан бастап буллингке қатысты заңнамаға түзетулер енгізілді. Енді әлімжеттік көрсеткен тарап 10 АЕК есебінде айыппұл, ал өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген болса 9 жылға жауапқа тартылатын болады.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш