USD
USD
USD

«Бір басын шапсаң, үш басы өседі»: экономист «Самұрық-Қазынаны» айдаһарға теңеді

Экономист Сапарбай Жобаев Қазақстандағы жемқорлық пен мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, билік басындағы жемқорлық жойылмайынша, күнделікті өмірде кездесетін парақорлықты тоқтату қиын.

Самрұқ
Фото: NEGE/ЖИ көмегімен жасалған

Астана, NEGE. Сапарбай Жобаев жемқорлықтың екі түрін атап өтті. Бірі – билік өкілдері мен ірі кәсіпкерлер арасындағы жемқорлық, екіншісі – тұрмыстық жемқорлық. Жобаевтың пікірінше, жоғары лауазымды шенеуніктердің заңсыз әрекеттерін көрген азаматтар да жемқорлықты қалыпты жағдай деп қабылдауы мүмкін.

Сондай-ақ ол «Самұрық-Қазына» қорының жұмысын сынға алды.

Экономист әуелде мемлекеттік кәсіпорындарды басқару мен экономиканы қаржыландыру міндеттері екі бөлек ұйымға жүктелгенін еске салды. «Самұрық» мемлекеттік компанияларды басқарса, «Қазына» экономиканы дамытуға қаржы бөлумен айналысқан.

Алайда 2008 жылы әлемдік қаржы дағдарысы кезінде екі ұйым біріктіріліп, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры құрылған. Жобаевтың пікірінше, содан бері қор шамадан тыс үлкейіп, бір басын шапсаң, үш басы өсетін аждаһаға айналған.

«Бұл – үкіметтің ішіндегі үкімет. Бір басын шапсаң, үш басы өсетін айдаһар туралы ертегі бар ғой. Қазір сондай жағдай болып жатыр», – деді Жобаев NEGE редакциясының Decaf. подкастында.

Еске салайық, 12 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевтің сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Әзірге күдіктілерге нақты қандай айып тағылғаны белгісіз. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

13 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы өтеді. Жиында ол Жақыпов пен Отыншиевтің ұсталуына қатысты мемлекеттің ұстанымын білдіреді. 

Ал NEGE редакциясы өз кезегінде екі басшының өмірбаянын, еңбек жолын, табысы мен отбасы туралы ашық деректерді зерделеп көрді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала