USD
USD
USD

«Бір айдан кейін қайта төсеудің қажеті қанша?»: Алматыда аялдамадағы плитаға қатысты түсініктеме берілді

Алматының орталық көшелерінің қиылысындағы аялдамада плитаның қайта төселуі тұрғындардың наразылығын тудырды. Қала әкімдігі бұл жұмыстардың себебін түсіндірді.

Скрин
Фото: @raushan_zhakupova-ның Threads-парақшасынан

Астана, NEGE. Әлеуметтік желіде тұрғындардың бірі Тимирязев пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы аялдамада плитаның жақында ғана төселгенін айтып, неліктен қайта ауыстырылып жатқанынын сұрады. 

«Жазда жөндеу жасайды да, бір айдан кейін бәрін қайта алып тастап, басқа плита төсеудің қажеті қанша?» – деп жазды Threads қолданушысы.

Алматы қалалық Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы бұл жағдайға түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, Байтұрсынов көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі аумақ «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша абаттандырылып жатыр.

«Бұл аумақта құрылыс-монтаж жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Аялдамада жобаға сәйкес тактильді плита төселіп жатыр», – деп хабарлады басқарма.

Тактильді плита көру қабілеті бұзылған адамдардың жол табуына көмектеседі. Оның бедерлі беті қауіпсіз бағытты анықтап, жолдағы кедергілерді байқауға мүмкіндік бермек.

Сондай-ақ жоба аясында көгалдандыру, автоматты суару жүйесін орнату, жарық бағандары мен шағын сәулет нысандарын қою, веложол салу және брусчатка төсеу де қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Мәулен Әшімбаев Тоқаевтың реформалары туралы кітап жазып, таныстырды

Мәулен Әшімбаев

Базалық мөлшерлеме төмендеді: банктер несие пайызын қашан азайтады?

Банкир

Тоқаев: Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Депутат жүрек ауруларының алдын алу үшін скринингті 18 жастан бастауды ұсынды

Жұлдыз Данбаева