USD
USD
USD

Бозжырада қонақ үй салына ма?

Бозжыра шатқалында қонақ үй кешені салынбайды. Бұл ақпаратты Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Бозжырада қонақ үй салына ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жоба бастамашысы – «Tethys Aktau IV « ЖШС-ның ауызша ақпаратына сәйкес, Бозжыра шатқалындағы қонақ үй кешені мен этноауыл құрылысының жобасы инвестордың бастамасымен тоқтатылды», –  деп атап өтті әкімдіктен.

Айта кетейік, 2021 жылдың басында өңірдегі экологиялық туризмді дамыту мақсатында инвестор ұсынған жобалардың бірі Қарақия ауданындағы Этноауыл сапар орталығы болған еді. Бастапқыда инвестор Бозжыра шатқалындағы Жабайұшқан қорықшасының аумағында жобаны іске асыруды ұсынған. Бірақ, аталған аумақ ерекше қорғалатын аймақ болғандықтан Мемлекет басшысы Үкіметке жобаны жүзеге асыру орнын қайта қарауды тапсырды.

Маңғыстау облысы әкімдігі Мәдениет және спорт, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерімен бірлесіп, қоғам өкілдерімен, ардагерлермен, экоқорғаушылармен, ғалымдармен, экология, биология саласындағы сарапшылармен бірқатар кеңестер мен кездесулер өткізіп, жобаны Бозжыра шатқалынан 4 шақырым қашықтықта, қорықшадан тыс жерде жүзеге асыру туралы шешім қабылданды. Инвестор топырақтың геологиялық жағдайларын анықтау үшін инженерлік-геологиялық іздестіру жұмыстарын жүргізіп, қолданыстағы грейдер жолды қалпына келтірді.

«Бұған қоса, инвестор Маңғыстау облысының экологиялық туризм ерекшеліктерін ескере отырып, оны табысты жүзеге асыру үшін жоба тұжырымдамасына кешенді өзгертулер әзірлеп жатыр. Жоба тұжырымдамасына кешенді өзгертулер енгізуге қатысты кейбір сәттердің туындауына байланысты оның құны 38,6 млрд теңгеден 39,8 млрд теңгеге дейін ауытқыды. Жобаның нақты құны оған өзгерістер енгізумен байланысты жоғарыда аталған процедуралар аяқталған соқ нақтыланады», – деп атап өтеді әкімдіктен.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер