USD
USD
USD

Бозжыра шатқалына қонақ үй салына ма?

Президент Қ.Тоқаев Бозжыра шатқалына қонақ үй салу мәселесін қайта қарауды тапсырды.

Бозжыра шатқалына қонақ үй салына ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімет таратты.

«Президент Маңғыстау облысындағы ерекше қорғалатын Бозжыра табиғат қорығының аумағына салынатын жаңа қонақ үйдің құрылысына қатысты қоғамның теріс пікірін ескере отырып, Үкіметке осы жобаны қайта қарау жөнінде тапсырма берді» деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Бозжырада қонақ үйдің құрылысы басталғаны жөнінде видео тарап, бұл жағдай халықтың ашу-ызасын туғызған еді.

Кейін Бозжырада қонақ үй салу жобасына Экология министрлігі мен Мәдениет вице-министрі пікір білдірген болатын.

Қазір оқып жатыр

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар