USD
USD
USD

Бозымбаев: Текеліде лай көшкінінен зардап шеккендерге баспана беріледі

 Текеліде лай көшкінінен зардап шеккендерге баспана беріледі. Бұл жөнінде Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Twitter-дегі парақшасында жазды. 

Бозымбаев: Текеліде лай көшкінінен зардап шеккендерге баспана беріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгін Текеліде лай көшкіні жүрді. Бірнеше жекеменшік тұрғын үй бүлінді. Өкінішке орай, 2016 жылы туған қыз бала қайтыс болды. Жедел қызметтер өз жұмыстарын жүргізуде. Зардап шеккендерге баспана беріліп, көмек көрсетіледі. Марқұмның жақындарына қайғыра көңіл айтамын», – деп жазды Алматы облысының әкімі.

Кеше түскі сағат 13:00 шамасында Текелідегі Қонаев көшесінде лай көшкіні жүріп, бес жастағы қыз бала жоғалып кетті. Кешкі сағат 18.15-те баланың мәйіті лайлы үйінді астынан табылды. Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің алдын ала ақпаратына сәйкес, Текелі қаласындағы лай көшкіні 50 метрге дейін ақты, ені 25 метр, биіктігі 3,5 метр, көлемі 4375 текше метр. Бір жеке тұрғын үй қирады, бір үй балшықтың астында қалды, тұрғын үйлердің тағы төртеуінің ауласына балшық кірді және Қонаев көшесін басып тастады. Қаза болған 5 жасар баладан басқа тұрғындар қауіпсіз жерде.

Қазір оқып жатыр

«30 жылдық тарихи миссиясын аяқтады»: Астанада Сенаттың соңғы отырысы өтті

Сенат

Ресейдегі жанармай тапшылығы: тасымалдаушылар Қазақстан бағытын қарастырып жатыр

Жүк тасымалдаушылар

«VIP-клиенттерге есірткі әзірлеген»: Алматы облысында қылмыстық смеха әшкереленді

есірткі

Қазақстан екі халықаралық банктен 460 млрд теңгеден астам қарыз алады

ақша