USD
USD
USD

Бозымбаев сыйға тартқан резиденция балаларды оңалту орталығына айналды

Жетісу облысы әкімінің Жаркент қаласында​ғы резиденциясы жөндеу жұмыстарынан өтіп, балаларды оңалту орталығына айналды. 

Бозымбаев сыйға тартқан резиденция балаларды оңалту орталығына айналды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ғимаратты қайта қалпына келтіруге 80 миллион теңге жұмсалды. Жаркенттегі бір қабатты тұрғын үйдің іргетасы 2013 жылы қаланған. Жалпы ауданы 900 шаршы метр, жер аумағы – 1 гектар.

Жетісу облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, орталықта Монтессори кабинеті, сенсорлы кабинет, физиотерапия кабинеті, физиотерапия жаттығулары, дефектолог және логопед кабинеттері, гидромассаж және массаж кабинеті, акт залы, дәрігерлерге арналған емдеу және еңбекке үйрету кабинеттері бар.

Естеріңізде болса, бұрынғы Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев 2022 жылдың наурыз айында Жаркент қаласындағы резиденциясын балаларды оңалту орталығы етуді ұсынған болатын. 

Көп уақыт өтпей-ақ бос тұрған резиденция балалардың игілігіне берілді. Ерекше балаларды асырап отырған ата-аналар үшін осындай орталықтар өте қажет. 

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері