USD
USD
USD

Бозымбаев Назарбаевтың ескерткіші туралы: Қайта қалпына келтіруге мүмкіндік жоқ

Талдықорған қаласында Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев баспасөз мәслихатын өткізіп жатыр. Жиында облыс әкімі Назарбаевтың Талдықорғандағы құлатылған ескерткіші туралы айтты.

Бозымбаев Назарбаевтың ескерткіші туралы: Қайта қалпына келтіруге мүмкіндік жоқ
Фото: NEGE.kz

Талдықорған, NEGE. Журналистер баспасөз мәслихаты барысында қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген Назарбаевтың ескерткішіне қатысты сұрақтарын қойды. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Назарбаевтың ескерткіші қайта қалпына келтіріледі деген ақпарат шыққан еді.

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев осы мәселеге қатысты жауап берді. «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Қалмаханбет Мұхаметқалидің: «Назарбаевтың ескерткіші қайта қалпына келтіріле ме?», – деп сұрады. 

«Қалай айтайын? Бұл мәселе біздің күн тәртібімізде тұрған жоқ. Шынын айтқанда, ескерткішті қайта қалпына келтіруге мүмкіндік жоқ. Быт-шыт болды ғой...», – деді Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев 

Қазір оқып жатыр

Сәтбаев Англияда алғаш рет матчтың үздік ойыншысы атанды

Дастан Сәтпаев

Қазақстан «Росатом» компаниясымен алғашқы АЭС-ті салу туралы келісімшартқа қол қойды

АЭС салу туралы келісімшарт

Тоқаев қорғаныс және ішкі істер министрлерін қайта тағайындады

тағайындау

Журналистер Құрылтай депутаттарымен енді қалай жұмыс істейді – Аппарат түсіндірді

жаңа құрам