Референдум Референдум
USD
USD
USD

Бозымбаев Ақорда мен Кітапханаға еркін кіріп-шығып жүр

Қанат Бозымбаев – тірлігін бизнес саласынан бастап, мемлекеттік маңызды қызметтерді атқарған азамат. Сонысынан да болар, оның ел біле бермейтін «жанашырлары» үнемі нысанаға алып жүреді.

Бозымбаев Ақорда мен Кітапханаға еркін кіріп-шығып жүр
Фото: NEGE.kz

Оқи отырыңыздар: «Бозымбаев денсаулығына байланысты қызмет ауыстырды»

 

Жамбыл облысына әкім болып келген кезде өңірдегі қу тілді журналистер «Жамбыл облысының бюджеті Бозымбаевтың отбасылық бюджетінен аз екен» десіп, қағытып жүретін. Десе де, Бозымбаев аз уақыттың ішінде облысқа біраз еңбек сіңірді. Мұны Жамбыл облысының жұрты жақсы білсе керек-ті.

Қанат  Алдабергенұлы Павлодар облысына әкім боп келген соң ұлы Дәурен Алдаберген гу-гу әңгіменің бас кейіпкеріне айналды. Жыл басында жергілікті «Версия» газетінің редакторы Ярослав Голышкин әкімнің баласы «зорлаған» қызбен сұхбат жасап, онысын бейнетаспаға түсіріп алыпты-мыс.

Ярослав Голышкин. Фото: azattyq.org

Бозымбаевтар әулетіне қатысты шу бекерден-бекер шықпапты. Голышкин өзінің екі сыбайласымен бірлесіп, облыс әкімінің баласын арандатпақ болғаны анықталды. Ол облыс әкімнен 500 мың доллар ақша бопсалаған. Бозымбаевтың сотқа арыздануынан кейін, бұл істі ұйымдастырған қылмыстық топтың серкесі Голышкиннің дүние-мүлкі тәркіленіп, 8 жыл арқалап кете барды...

90 жылдардың соңында экономика және сауда министрлігінің аймақтық саясат бөлімін басқарудан басталған Бозымбаевтың карьерасы – энергетика, индустрия және сауда министрінің орынбасары, мұнай-газ департаментінің директоры, «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясында вице-президент, «Электр желілерін басқарушы қазақстандық компаниясының» президенті, «Самұрық» холдингінің басқарма төрағасы, «KEGOC» акционерлік қоғамында басқарма төрағасы, «Air Astana», «Қазақстан Темір Жолы» и «ҚазМұнайГаз» компанияларында директорлар кеңесінің басшысылығында, 2009 жылы Жамбыл облысының әкімі, 2013 жылы Павлодар облысының әкімі, 2016 жылы Энергетика министрі болып тағайындалды. 2019 жылдың 18 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне кірісті.

Nege.kz порталына ақпарат көзінің хабарлауынша, Қанат Бозымбаев әлі де бабында, Ақорда мен Кітапханаға еркін кіріп-шығып жүр...

#бозумбаев #бозымбаев

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда