USD
USD
USD

Бозымбаев ресейлік журналистерді орнына қойды (видео)

Желтоқсанның 26-сы күні ұшақ апатын тергеу жөніндегі штабта өткен брифингте Ақтау түбіндегі қайғылы оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы комиссияның жетекшісі, вице-премьер Қанат Бозымбаев Ресейден келген журналиске ескерту жасады.

Бозымбаев
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысы әкімдігі ұйымдастырған брифингтегі видео тарады.

Видеода Ресей журналистерінің бірі Қанат Бозымбаевтың сөзін бөліп жібергенін көруге болады. 

«Сіз маған сөйлеуге мұрсат бермей тұрсыз. Мүмкін, Ресейде сіз біреудің сөзін бөлуге үйренген шығарсыз. Кешіріңіз, бұл жерде ондай дағды жоқ. Сіз азиялық елдесіз», – деді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.

Одан әрі арнайы комиссия басшысы ұшақ апатын тексеру үшін Ресейден ұйымдасқан жұмыс күтіп тұрғанын айтты.

«Әріптестер, Әзірбайжан тарапы өте ұйымдасқан түрде жұмыс істеп жатыр. Сәйкестендіру бойынша, геномдық материал берілген. Енді сол жұмысты Ресей Федерациясымен де атқаруымыз керек. Әзірге ол жақтан мұндай ұйымдасқан жұмысты көрмедік. Сіз Ресейденсіз. Мен жай ғана айтып тұрмын. Ақпарат үшін», — деді Қанат Бозымбаев.

Қазір оқып жатыр

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер

Ақмола облысында сәбиін абайсызда қазаға ұшыратқан әйелге үкім шықты

баланың аяғы